Байланыс номерлер
8 (7132) 56 00 28
8 (7132) 56 47 85

Вокал үйірмесі

imageimageimageҚалалық оқушылар сарайының вокалды үйірмесіне 6 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Топтық оқыту ақылы түрде.

Вокал сабақтарында балалар шығармашылықпен белсенді айналысады, сонымен қатар әртүрлі әндерді үйреніп қана қоймай, дұрыс ән айтуды және жеке концерт пен репертуарды таңдауды үйренеді. Сонымен қатар, вокалды сабақтарда балалар А.Н Стрельникованың тыныс алудың арнайы жаттығулары арқылы дауыстық мәліметтерін шыңдауға мүмкіндік береді.

Үйірменің мақсаты - вокалдық орындау шеберлігі мен қабілеттерін қалыптастыру, патриотизм сезімін ояту, эстетикалық талғамды дамыту, эмоциялық мен көркемдік қабілеттерін дамыту.

Педагог А.С. Ургеншбаева мен оның тәрбиеленушілері Оқушылар сарайы және басқа да шараларға белсенді қатысады. Олар түрлі қалалық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Оқушылар сарайының вокал үйірмесінің көптеген түлектері А.Жұбанова атындағы Ақтөбе колледждің грант иегерлері, (Ақтөбе), Құрманғазы ат. (Алматы) консерваторияда, сондай-ақ «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде (Нұр-Сұлтан) оқып жүр.