Байланыс номерлер
8 (7132) 56 00 28
8 (7132) 56 47 85

Қолөнер

Халықтық сәндік- қолданбалы өнер -әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өңдеу тәжірибесі бейнеленген.

Көне дәстүрлерді көздің қарашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық көркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі : әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, қолдың дәлдігін және қиял ұшқырлығн, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді.

imageimageimageimage