Байланыс номерлер
8 (7132) 56 00 28
8 (7132) 56 47 85

Қазақ ұлт аспаптар студиясы

image

Қазақ ұлт-аспаптар студиясы жумысының негізі бағыты-мектеп оқушыларына аспаптық музыкалық білім беріп, эстетикалық талғамын тәрбиелеу, көкп ұлтты еліміздің және дүние жүзі халықтарының музыка мәдениетімен таныстырып, талантты балаларды болашақ кәсіби өнер жолына бағыттау студияның «Домбыра-тенор» және «Қобыз-прима» кластарына негізінен аспапта ойнауды сүйетін, бойында табиғи дарыны бар «есту, жаттап алу, ырғақтық сезімі жақсы» мектепте де жақсы оқитын 3-6 кластың оқушылары қабылданады. Олардың аспапқа, музыкаға бейімділігі оқыту процесі барысында үнемі бақыланып, тексеріліп отырады. Мұғалімнің міндеті оқушының және ерекшілігін, қабілетін, мүмкіндігін ескере оны үздіксіз жетілдіре отыра, мумкіндігінше жан-жақты жетілген, ой-өрісі дамыған, өнер құштар азамат етіп тәрбиелеу.

Жеке аспапта өтетінін меңгерумен қатар студияның шәкіртері 1-кластан бастап музыка әліппесімен үйрететін топтық сабақ-«Сольфеджио» және 2 клстан бастап музыка тарихынан сыр шертетін «Қазақ саз әдебиеті» пәндеріне, аспапта шеберліктерін дамуына ықпал ететін ұжымдық саз-балалар оркестріне қатыса бастайды. Студияда оқу мерзімі жылға лайықтаған. Студияны аяқтағанда түлектереге қатысқан пәндері мен бағалары қойылған студия бітіргені туралы жалпы үлгідегі куәлік беріледі.